DeepMind компаниясы жасаған AlphaStar жасанды интеллекті StarCraft II стратегиялық ойынында екі кәсіпқой киберспортшыны жеңіп кетті, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұл туралы компанияның өкілдері мәлімдеді. Дарио Вунш (Dario «TLO» Wünsch) және Гжегож Коминч (Grzegorz «MaNa» Komincz) есімді екі ойыншы желтоқсан айынан бері жасанды интеллектпен күш сынасып келеді. Кәсіпқой киберспортшылар мүлдем жеңіске жете алмаған соң жасанды интелекттің жүйесіне өзгерістер енгізілген. Осылайша, 24 қаңтар күні өткен соңғы сайыста алғаш рет адам баласы ұтты.

Бұған дейін DeepMind алгоритмі әлемнің үздік ойыншысын жеңіп, ақуыздың пішінін биологтарға қарағанда жақсы сипаттап берген. Дегенмен бұл кезде жасанды интеллектке барлық ақпарат қолжетімді еді. Ал StarCraft II стратегиялық ойынында ақпарат ағымы жабық. Сол себепті жасанды интеллект қарсыласының әрекетін алдын ала болжай алмады.

Жасанды интеллектке ойнауды Blizzard компаниясының адамдары үйреткен. Әріптестерінің әрекетін жаттау және алдын ала болжау арқылы DeepMind алгоритмі ойынның 95 пайызында жеңіске жетіп отырған.

Осылайша, жасанды интеллект Дарио Вунш және Гжегож Коминчпен күш сынасты. Алдымен Дарио Вуншты бес ойында жеңісе, артынша Гжегож Коминчті де дәл осы есеппен ұтты. Ойын барысында жасанды интеллект адамға қарғанда аз қимылдаған. Сондай-ақ, ойында жасанды интеллект әр аймақта орналасқан үш түрлі әскеріне бір уақытта бұйрық беріп отырған. Соңғы сайыс алдында жобаны жасаушылар жасанды интеллекттің алгоритміне біраз өзгерістер енгізді. Бұл жолы кәсіпқой ойыншының тек біреуі жеңді.