Ресейлік этникалық қазақ әрі M-1 Global турнирінің бұрынғы чемпионы Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

UFC-дегі екінші жекпе-жегін Исмағұлов 23 ақпан күні Прагадағы (Чехия) O2 аренасында өткізеді. UFC Fight Night 145 турнирінде этникалық қазақ Дамир Исмағұлов испаниялық Джоэл Альвареске қарсы жұдырықтасады.

Кештің басты жекпе-жегінде поляк Ян Блахович пен бразилиялық Тиаго Сантос кездеседі (жартылай ауыр салмақ 93 келі).

Еске сала кетейік, Исмагулов UFC-дегі дебютін өткен жылдың 2 желтоқсанында Аустралияда өткен турнирде жасады. UFC Fight Night 142 турнирінде ол жергілікті спортшы Алекс Горджесті төрешілердің шешімімен жеңген болатын.