Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз мұз айдынында ресейлік «Титанды»  қабылдады.  
 
Бірінші периодтың жетінші минутында өскемендіктер өз қақпасына гол жіберіп алды, бес минуттан кейін «Қазцинк-Торпедо» хоккейшілері есепті теңестіріп қана қоймай, алға шығып та үлгерді. Дегенмен, екінші кезеңде ресейліктер тараз басын теңестіріп, артынша есепте алға шықты. Шешуші үшінші кезеңде Евгений Рымарев есепті қайта теңестірді, алайда Меньшиков «Титанды» қайта алға шығарды, матчтың аяқталуына бес минут қалғанда Виталий Меньшиков есепті - 4:4 қылды. Овертаймда «Титан»  хоккейшісі Цыганов өз командасына жеңіс сыйлады. 
 
«Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) – «Титан» (Клин) 4:5 ОТ (2:1, 0:2, 2:1, 0:1)
 
0:1 – Филатов (Еремин, Деев) – 07:49
 
1:1 – Волжанкин (Меньшиков, Жмаев) – 12:29
 
2:1 – Корсунов (Шин) – 17:35
 
2:2 – Цыганов (Еремин, Гловацкий) – 34:40
 
2:3 – Кожевников (Сергеев, Гловацкий) – 36:32
 
3:3 – Рымарев (Савенков) – 46:32
 
3:4 – Сабинин (Филатов, Тополь) – 53:52
 
4:4 – Меньшиков (Волжанкин, Огородников) – 55:07
 
4:5 – Цыганов (Гловацкий, Сергеев) – 62:31
 
Қақпашылар: Янков – Бояршинов