Катар астанасы Дохада шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирі аяқталды. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінген жоқ. Ең үздік нәтиже – 11-ші орын ғана деп жазады Olympic.kz.

Азия ойындарының жеңімпазы Дмитрий Алексанин 1/16 финалда болашақ испандық Юлен Перейрадан 11:15 есебімен ұтылды. Ал өз кезегінде Перейра күміс иеленсе, чемпиондық атақ француз Яник Борелдьдің еншісінде кетті.

Қола медальді АҚШ спортшысы Джейкоб Хойли мен украиналық Богдан Никишиндер жеңіп алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Алексанин әлемдік рейтингте 4-ші орынға көтерілді.

Өзге де қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

Ерлік Сертай, 46;

Руслан Курбанов, 64;

Эльмир Алимжанов, 101;

Вадим Шарлаимов, 103;

Дмитрий Адайкин, 111;

Әсел Әлібекова, 84;

Ульяна Балаганская, 97.