BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша, қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты. Ол 116 сатыға жоғары көтеріліп, қазір 85-ші орынға жайғасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмедов кеше жастар арасында WBC титулын жеңіп алды. Ол мексикалық қарсыласын 4-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді.