Футболдан Аргентина құрамасының бас бапкері Алехандро Сабелья «Ювентустың» шабуылшысы Карлос Тевесті ұлттық құрамаға шақырмайтындығын айтты.
 
Яғни, алдағы әлем чемпионатына отыз жастағы сұрмергеннің қатыспайтыны белгілі болды. 
 
«Ұлттық құрама сапында аса өзгеріс болмайды. Бізде әлемнің ең үздік ойыншысы - Лионель Месси ойнайды. Мундиальдің Оңтүстік Америкада өтуі де біз үшін жақсы болды», – деді Сабелья buenosairesherald сайтына.
 
Естеріңізге сала кетсек, аргентиналықтар Босния, Иран және Нигерия құрамасымен бір топқа түсті.