Бүгін Сочи Олимпиадасында қазақстандық спортшылар жарыстың бір түрінен сайысқа түседі. 
 
Конькимен жүгіруден мың мертлік сайыста Қазақстан құрамасының басты үміті, әлем чемпионы Денис Кузин жарыс жолына шығады. Айта кетер жайт, Денис бір жыл бұрын дәл осы Адлер-Аренада әлем чемпионы атанған болатын. Отандасымыз жетістігін қайталап көрмек.
 
Бұдан өзге, мың метрлік сайыста тағы екі қазақстандық Роман Креч пен Федор Мезенцев өнер көрсетеді. 
 
Бәсекені сағат 20:00-де KazSport және Хабар телеарнасы тікелей эфирден таратады.