Жергілікті футболшы клубпен бір жылға келісім-шарт жасасты.

Өткен маусымда Александр Жуков негізгі құрамның бірнеше матчына қатысты. Атап айтқанда, "Қайрат" - "Тобыл" және "Атырау" - "Тобыл" ойындары. Ал жастар сапында 28 кездесуге шықты. Еншісінде 4 гол бар.

Ол бірінші командада 2016 жылы ойнады. Александр Жуков алғаш рет қостанайлық клубтың мектебінде Рафик Балбабяннан тәлім алды.