2008 жылғы Пекин Олимпиадасының чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев Астанадағы үйінен қуылды.

Естеріңізге сала кетсек, атақты боксшы өзінің бұрынғы жаттықтырушысы Карим Махмудовқа сыйлаған пәтерін сот арқылы қайтармақ болған. Жуырда Сот шешімі белгілі болып қазылар үкімін шығарды. Астанадағы Сарыарқа аудандық соты Сәрсекбаевтың шағымын қайтарып паспана Махмудовқа тиесілі екенін анықтады.