Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) Абрахам Хуареспен (13-1, 5 КО) жекпе-жегі алдында салмағын өлшеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос боксшы салмағы 153.4 фунтты көрсетті.

Боксшылар жастар арасындағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Жекпе-жекті 27 қаңтарда таңғы сағат 08:00-де Qazsport телеарнасынан көре аласыздар.