Кәсіпқой бокстан WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Серхио Мартинес алдағы уақытта  Мигел Оттомен кездескеннен соң Геннадий Головкинмен жұдырықтаспақшы.

Бұл туралы BoxingScene сайты хабарлайды. Мартинестің айтуынша, GGG-ға қарсы кездесуді неғұрлым ертерек ұйымдастыру керек. Себебі Головкиннің кәсіби тұрғыдағы шеберлігі күннен күнге артып келеді.

«Коттоны «құлатқан» соң, Генамен кездесуге дайындаламын. Қазіргі таңда ол ең қауіпті қарсыластардың бірі.   Головкиннің соққылары жойқын, «физикалық» тұрғыда өте мығым, сондай-ақ кез келген соққыға шыдас бере алатын қайсар мінезді. Головкинмен жуырда кездеспесем, кейін кеш болып кетуі мүмкін» — деді Мартинес.