20 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (6-0, 6 КО) Монреалда өткен қорытынды баспасөз-мәслихатында өзінің келесі қарсыласымен бетпе-бет жолықты. Ахмедов 27 қаңтар күні мексикандық Абрахам Хуареспен (13-1, 5 КО), жолығады деп хабарлайды, Prosports.kz.

Ахмедов пен Хуарес жастар арасындағы WBC титулына таласады.

Жекпе-жекті тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.