Қызылордалық «Байқоңыр» мен «Қайсар U21» жолдастық кездесу өткізді.

«Қайсардың» баспасөз қызметі хабарлағандай, ойын 8:1 есебімен «Байқоңырдың» пайдасына шешілген. Жеңімпаз команда сапында Қасымхан Алпысбаев, Самат Балымбетов, Нұрдәулет Әмірбек (хет-трик), Аян Құлмағанбетов, Еркебұлан Кенжебай, Әлім Тәңірбергенов көзге түсті. «Қайсар U21» құрамында Диас Темірханов жалғыз голдың авторы атанды.