Биатлоннан әйелдер арасындағы 10 шақырымға созылған спринтік жарысында қазақстандық спортшылар Елена Хрусталева 37-ші, Дарья Усанова - 41 орынды иеленді. 
 
Елена Хрусталева нысана көздеуден мүлт кеткен жоқ. Дегенмен Олимпиаданың «алтынын» алған беларусьтық Дарья Домрачевадан 3 минут 35,8 секунд қалып қойды. Қалған жүлделі орынды норвегиялық Тура Бергер мен словениялық Тея Гергорин бөлісті.
 
Биатлон. Спринт. 10 шақырым. Әйелдер
 
1. Дарья Домрачева (Беларусь) 29:30.7
 
2. Тура Бергер (Норвегия) +37.6
 
3. Тея Грегорин (Словения) +42.0
 
37. Елена Хрусталева (Қазақстан) +3:35.8
 
41. Дарья Усанова (Қазақстан) +4:23.9