Сочиде конькимен жүгіруден әйелдер арасында 500 метрлік қашықтықтағы жарыс аяқталды.
 
Қазақстандық спотршы Екатерина Айдова жарыстың қорытындысы бойынша - 22-ші. Оның жалпы көрсеткіші – 1 минут 17,85 секунд.
 
Көш басында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Сан Хва. Ол 1 минут 14,70 секунд көрсеткішпен жаңа олимпиада рекордын орнатты. Осылайша, Ли Сан Хва екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Күмісті ресейлік Ольга Факулина иеленсе, голландиялық Маргот Бур қоланы еншіледі. 
 
Конькимен жүгіру. 500 м. Әйелдер
 
1. Ли Сан-Хва (Оңтүстік Корея) – 1:14.70 OR (37.42 / 37.28 OR)
 
2. Ольга Фаткулина (Ресей) – 1:15.06 (37.57 / 37.49)
 
3. Маргот Бур (Голландия) – 1:15.48 (37.77 / 37.71)
 
4. Хон Чжан (Қытай) – 1:15.58 (37.58 / 38.00)
 
5. Нао Кодайра (Жапония) – 1:15.61 (37.88 / 37.72)
 
6. Дженни Вольф (Германия) – 1:15.67 (37.93 / 37.73)
 
22. Екатерина Айдова (Қазақстан) – 1:17.85 (39.04 / 38.81)