Сочи Олимпиадасында қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько ерлер арасындағы спринт бәсекесінде жартылай финалға шыға алмады.
 
Ширекфиналда Чеботько өз тобында тек бесінші келді. Бұл нәтиже спортшының келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік бермеді. Осылайша, жерлесіміз жалпы есепте 25-ші. 
 
Ал финалдық кезеңінде жеңісті норвегиялық Ола Виген Хаттестад тойлады, екінші орында швециялық - Теодор Петерсон, үздік үштікті словениялық Эмиль Йонсон түйіндеді. 
 
Естеріңізге сала кетейік, ерлер спринтінің іріктеу кезеңіне тағы екі қазақстандық - Роман Рагозин және Денис Волотка қатысты. Шаңғышыларымыз алғашқы айналымнан аса алмады.