Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Федор Емельяненко жақын уақытта спорттық мансабын аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Match TV.

"Мен қазір спорттан кету жайлы жиі ойланамын. Төбелескім келмейтіндігімнен емес. Жасым да келді, жарақаттар да бар," - деді ардагер спортшы.