Қазақстандықтар Halyk Arena (Алматы) мұз аренасының атын Денис Тенге берілуін сұрайтын петицияға қол жинауды бастап кетті деп хабарлайды Prosports.kz Sputnik сайтына сілтеме жасап.

«Біз, Қазақстан азаматтары, өлімі Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді қайғыға жыққан дарынды мәнерлеп сырғанаушының есімін мұз аренасына беріп, мәңгілікке қалдыруды дұрыс шешім деп ойлаймыз,», — деп жазылған құжатта.

Құжат авторлары 20 мыңнан астам қол қойылуы керек екенін алға тартады. Осыған дейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл ұсынысты Алматы қаласының әкімшілігі жасауы қажет деп айтқан болатын.

Қазақстандықтар ғана емес, басқа да мемлекеттің азаматтары қол қоюға мүмкіндігі бар. Ол үшін сілтеме арқылы өту керек. Жалпы процесс екі минут қана алады.