WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер, жақында Эрисланди Лара айтқан сөздеріне жауап қайтарды, деп хабарлайды Allboxing.ru.

«Головкиннің Лараға жауабы: «Расымен ба? НВО телеарнасы Лараны қолдамайды. Куиллинді жекпе-жекке шақырсын, екеуі бір арнада (Showtime) бокстасады. Егерде, ұтып жатса көрерміз. Головкин мен Стивенстің кездесуі үлкен қызығушылық тудырған. Ал Лараны кім көреді? Лараның салмағы төмен және «Шоутайм» арнасында жұдырықтасады. Оданда сол арнаның жұлдызы Флойдпен төбелессін», - деді Головкиннің промоутері Том Леффлер. 
 
Естеріңізге сала кетсек, жақында кубалық боксшы Эрисланди Лара жерлесімізді жекпе-жекке шақырған болатын.