Маусымаралықта төртінші ОЖЖ-ын өткізіп жатқан алматылық «Қайрат» Украина мен Словакиялық клубтармен күш сынасатын болды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
ОЖЖ-дағы бірінші кездесуінде Владимир Вайстың командасы 15-ші ақпан күні УПЛ-дың оныншы командасы «Карпатымен» күш сынаспақ. Кейін алматылықтар Ужгородтың «Говерласымен» ойнайды. Кейінрек, Момоду Сиссейдің бұрынғы командасы Словакиялық «Жилинамен» кездеседі. Осы үш матчтан кейін «Қайрат» ОЖЖ-нын аяқтайды.
15-ші ақпан – «Қайрат» - «Карпаты» (Львов, Украина)
19-шы ақпан –«Қайрат» - «Говерла» (Ужгород, Украина)
22-ші ақпан – «Қайрат» - «Жилина» (Жилина, Словакия)
Комментарии