Сочи Олимпиадасында ерлер арасында могул жарысы аяқталды. 
 
Іріктеу кезеңде жетінші орын алған жерлесіміз Дмитрий Рейхард финалдық сайыста 22.80 ұпаймен бесінші орынды місе тұтты. Ал, бұл бәсекенің жеңімпазы болып канадалық Александр Билодо атанды. Тағы бір канадалық Микаэль Кингсбери - екінші. Ресей өкілі Александр Смышляев үздік үштікті түйіндеді.