«Жетісудің» бұрынғы шабуылшысы Деян Джерманович омандық «Аль Наср» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Soccernet порталына сілтеме жасап.

Деян Джерманович босниялық «Железничардан» «Жетісу» сапына 2016 жылдың шілде айында қосылған болатын. Шабуылшы 12 матч өткізіп, 5 гол соқты.«Жетісудан» кеткен Джерманович екі жылда төрт клуб ауыстырып үлгерді. Польшалық «Медзь», «Сталь» (Мелец) және эстониялық «Пайде» намыстарын қорғады.

Бұған дейін Деян словениялық «Кршко», «Рудар», «Олимпия», «Целе», болгариялық «Литекс», сербиялық «Вождовац» пен босниялық «Железничарда» тер төккен.