Алматыда үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу аясында «ТОП-12» республикалық турнирі аяқталды.

Ерлер арасында өскемендік Денис Жолдуев тұғыр биігінен көрінді. Оралдық Айдос Кенжеғұлов күміс жүлдегер атанса, Шымкент қаласының түлегі Бекұлан Жаман қола медальға қол созды.

Әйелдер арасында Анастасия Лавроваға тең келер ешкім болған жоқ. Ол финалда қарағандылық Зәуреш Ақашеваны ұтты. Үшінші орын шымкенттік Малика Илхамжанованың еншісінде.