Шетелдік БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, Кубалық боксшы Эрисланди Лараның менеджері Головкинмен кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізуде.
«Ал сенші Головкин? Менімен жекпе-жекке шығуға дайынсың ба? Мен кез келген уақытта келісемін», - деді Лара «твиттердегі» ресми парақшасында.
«Иә, мен Ларамен сөйлестім, ол Головкинмен жұдырықтасуға дайын екен. Қос боксшы да мықты. Сол себепті, жекпе-жекті ұйымдастыруға болады. Қызықты айқас болатыны анық», - деді ДеКубас.
Головкиннің кезекті жекпе-жегі жиырма алтынша сәуір күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Кездесуді НВО телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Комментарии