Футболдан Әзірбайжан құрамасы мен бакулік «Сабаилдің» қақпашысы Эмиль Балаев мансабын Қазақстанда жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әзірбайжандық БАҚ-тың мәлімдеуінше, «Нефтчи», «Карабах», «Сумгайыт» пен германиялық «Айнтрахттың» бұрынғы голкиперін қостанайлық «Тобыл» өз қатарында көргісі келеді.

Қазіргі уақытта «Тобалда» үш қақпашы бар, үшеуі де жергілікті футбол мектебінің түлектері. Егер «Тобылдың» ұсынысы Балаевтың көңілінен шықса, екі тарап келісімшартқа отырады.