22 қаңтарда астаналық «Барыс» Магнитогорскіде сырт айдында өтетін кезекті сериясын бастайды. Астаналықтардың бапкерлік штабы алдағы төрт кездесуге қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сырт алаңдағы серияларда команда төрт матч өткізеді:

22 қаңтар (сейсенбі), Магнитогорск. «Металлург» – «Барыс», 20:00.

24 қаңтар (бейсенді), Санкт-Петербург. СКА – «Барыс», 22:30.

26 қаңтар (сенбі), Мәскеу. ЦСКА – «Барыс», 20:00

29 қаңтар (сейсенбі), Новосибирск. «Сибирь» – «Барыс», 18:30.

Матчтар Астана уақытымен басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Матчтарға аттанған құрам:

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Вилен Прокофьев.

Қорғаушылар: Джесси Блэкер, Кевин Даллмэн, Даррен Диц, Александр Липин, Алексей Маклюков, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Виктор Сведберг, Максим Семенов, Егор Шалапов.

Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Дастин Бойд, Брэндон Боченски, Кертис Волк, Дмитрий Гурков, Патрис Кормье, Никита Михайлис, Андре Петерссон, Егор Петухов, Кирилл Панюков, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Фрэттин Мэттью, Дмитрий Шевченко.