«Астананың» негізгі құрамына БАЭ-дегі ОЖЖ-да Мәди Жақыпбаев қосылды. Айта кетейік, жас футболшы «Астана-М» сапында екінші лиганы жеңіп алған болатын.

18 жастағы астаналық футбол мектебінің түлегі маусымға дайындықты екінші командада бастаған болатын. Бірақ бүгіннен бастап Дубайдағы негізгі құраммен жаттығатын болатын.

Мәди «Астана» сапында 2016 жылы дебюттік ойын өткізген болатын. Қазірге дейін Жақыпбаев 6 ойында негізгі командамен алаңға шығып үлгерді.