Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Юрий Красножан кеше түнде Алматыдан Антальяға ұшып кетті. Ол жақта құраманың бас жаттықтырушысы ОЖЖ өткізіп жүрген қазақстандық ойыншыларды бақыламақ. 
 
Бұл туралы «Спорт-Экспресс» мәлімдейді. Сондай-ақ, СЭ тілшісі Красножаннан сұхбат алды.
 
- Жұмысыма ұшып барам. Айдың соңында Ұлттық құрама мүшелері жиналады. Жақынырақ танысып, тіл табысуға тырысамын. 
 
- Екі жылдық келісімшартқа қол қойдыңыз. Қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатыңызда аталған мерзімде «елдің футболға деген көзқарасын өзгертпекшімін» депсіз. Тұлға ретінде қалыптасып қойған ойыншының әдетіне, ой-өрісіне ісер ету қолыңыздан келеді ме? 
 
— Команда мүшелерімен бірлесіп бір мақсатқа жету жолында ерінбей еңбектенсек бәрі де қолдан келеді деп ойлаймын. Қазақ футболын жан-тәніммен түсініп жүйесіне енгім келеді. 
 
- Ресейлік командалармен салыстырғанда әлде қайда әлсіз саналатын «Шахтер» футбол клубы былтыр Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға жаздады. Аталмыш клубты өз жерлесіңіз Виктор Кумыков баптайтынын жақсы білетін боларсыз. Қарағандылықтар Ресей Премьер-лигасында өнер көрсетсе соңғы орында болушы ма еді?
 
- Бұл сіздің жеке пікіріңіз. Алдымен мұндай ойға келмес бұрын командамен жақсы танысу керек. Сырттай емес, іштей. Әріптесім Виктор Кумыков үшін өте қуаныштымын. Былтыр тамаша нәтиже көрсетті. Дегенмен, бұл клуб емес. Ұлттық құрамада барлығы басқаша, мұнда легионерлерді шақыра алмайсың және ойыншылармен ұзақ келісімшартқа отыра алмайсын. Сондықтан, Қазақстан чемпионатындағы бапкерлермен тіл табысуым керек. Мен үшін бұл қызықты жұмыс, жақсы нәтижелерге жетуге тырысамыз.
 
- Қазақстан құрамасы ЕЧ - 2016 додасына қандай мақсаттар қоюда? Келісімшартыңыздың ұзару-ұзартылмауы көбінде осы іріктеу кезеңге байланысты емес пе... 
 
- Жеребе тартылған соң бәрі анықталады. Федерациямен бұл туралы әлі сөйлескен жоқпыз. Қарсыластарымыз белгілі болған соң бұл мәселені де талқылаймыз. Дегенмен, өзім ең жоғары нәтижелерге жетуді көздеймін. 
 
- Сізді қайтадан Ресейде күтеміз бе?
 
- Менің отаным - Ресей. Өзім ресейлікпін. Егерде жұмыс орнымды алатын болсақ, онда мен қазақстандықпын.