Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова филиппиндік Мэнни Пакьяоны жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Пакьяо бүгін америкалық Эдриан Бронерді төрешілер шешімімен жеңіп, WBA титулын қорғап қалған болатын.
«Мэнни, 61-ші жеңісіңмен құттықтаймын. Фредди, үздік шәкіртіңнің жеңісімен құттықтаймын. Родни, досың Мэннидің жеңісі құтты болсын!», - деп жазды Сатыбалдинова өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Айта кетейік, өткен аптада Мэнни Пакьяоның залында қонақта болып, оған «Қазақстан» шоколадын сыйға тартқан болатын.
Аида енді кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 26 қаңтарда Мексикада өткізеді. Оның кіммен жұдырықтасатыны әзірше белгісіз.
Комментарии