Футболдан Қазақстан чемпионатында қазылық ететін төрешілер оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды. ОЖЖ Белек қаласында 10-20-шы ақпан аралағында өтеді. 
 
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлайды. Алпыс жеті төреші, Маттео Трефолонинің бақылауымен әртүрлі ФИФА-ның тесттерін тапсырып, теорелияқ және практикалық жаттығулар өткізеді. 
 
Бұдан өзге, ОЖЖ-ны барысында қазақстандық төрешілер отызға жуық жолдастық кездесулерде қазылық етеді.