UFC басшысы Дэйна Уайт ирландиялық Конор Макгрегор жайлы пікір білдірді. — Конормен жиі сөйлесіп тұрамын. Ол ақшаны жекпе-жектен тыс жерлерде де таба алады. Бірақ оның тезірек октагонға оралып, әлем чемпионы атағын алуға асық екенін білемін. Хабибпен реванш өткізгісі келетіні анық. Дегенмен, ол қазір кіммен болса да кездесуге дайын, — деді Уайт.