Кәсіпқой теннис Ассоциациясы (ATP) әлем рейтингісін жаңартты. 

Андрей Голубев төрт сатыға жоғарлап 83-ші орында жайғасты. Александр Недовесов  екі сатыға көтерілді, ол - 93-ші. Денис Евсеев 651-ші, ал еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин өз орнын сақтап қалды, ол әлем рейтінгісінде 59-шы. 
 
Испандық теннисші Рафаэль Надаль тізімде көш бастап тұр. Сербиялық Новак Джокович екінші, Австралия ашық чемпионатында топ жарған Станислас Вавринка үздік үштікті түйіндеді.