Алматылық «Қайрат» сапына жаңа легионер келіп қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін 26 жастағы сербиялық футболшы Раде Дугалич алматылық клубқа ауысады деп хабарланған еді. Раденің соңғы клубы ресейлік Премьер-лигада ойнайтын «Енисей» болды. Былтыр «Тосно» сапында Ресей кубогын иеленген.

Жалпы алғанда, Дугалич өз мансабында сербиялық «Раднички», «Радник», «Цар Константин», «Синджелич», босниялық «Олимпик, армениялық «Улисс» сапында ойнады. 2015 жылдан бері Ресейде ойнап жүр. Алдымен, армавирлік «Торпедо», кейін «Тосно» мен «Енисей» сапында өнер көрсетті.

2018/19 жылғы маусымда Дугалич «Енисей» сапында 10 матч өткізіп, бір гол соққан.