Жақында ғана Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен босаған Станимир Стоилов жаңа жұмысқа тағайындалуы мүмкін, деп жазады prosports.kz.

Әзірбайжандық Azerifootball.com сайтының жазуынша, болгариялық маман аталған елдің құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер.

Айта кетейік, Стоилов 17 қаңтарда Қазақстандағы қызметін аяқтады.