«Рубин» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Курбан Бердыев жуырда «Анжи» командасының бейресми бапкер-кеңесшісі атануы мүмкін.

Ресейлік БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, Бердыев қазіргі бас бапкер Гаджи Гаджиевке көмектесіп кеңесші қызметін атқарады.

 Ең қызығы, 2009 жылы Гаджиев «Рубинде» көмекші болған. Артынша ол «Анжиге» келіп жаттықтыруы атанды.

Биылғы Ресей чемпионатының 19 турынан кейін «Анжи» соңғы орында келеді. Команда маусым басталғалы бері бір де бір рет жеңіске жетпеген.