Артем Барановский Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қарағандылық «Шахтер» клубының қаралымынан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.Бұл ойыншының қарағандылық клуб сапына қосылу-қосылмауы жақын арада белгілі болады.28 жастағы қорғаушы Донецктің «Металлург» және «Олимпик», «Сталь» (Каменское) клубтарында өнер көрсеткен.

2017 жылдың наурыз айында Тәжікстан чемпионатында ойнап жүрген «Истиклол» клубына ауысты.