Азамат Мұқанов дзюдодан Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК шешімен Азамат Мұқанов Қазақстан ұлдар жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов 2018 жылдың қараша айында кәсіби спорттағы карьерасын аяқтаған болатын. Азамат Мұқанов – Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері. Азия ойындары мен Азия Чемпионатының қола жүлдегері. Екі дүркін «Grand Slam» кезеңінің күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері.