Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин үшінші рет әке атанды, деп жазады Prosports.kz.
Геннадий мен оның жары Алина екінші рет ұлды болған.
Бұған дейін отбасы екі баланы тәрбиелеп отырған – ұлы Вадим мен қызы. Геннадий өз қызының есімін әлі жұртқа жария етпеді.
Головкиннің үшінші рет әке атанатыны жайлы жыл басында хабарланған болатын.
Комментарии