Сочи Олимпиадасында ерлер арасында скиатлон жарысы аяқталды. 
 
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин мәре сызығын 1 сағат 8 минут 51.5 секундта кесіп өтіп, жарысты 16-шы болып аяқтады. Евгений Величко 32-ші, Сергей Черепанов 49-шы, Маркс Старостин 56-шы келді.
 
Ал жарыстың жеңімпазы швейцариялық Дарио Колонья атанды. Швециялық Маркус Хельнер «күміс» медальға ие болса, норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю «қоланы» еншіледі.
 
1. Дарио Колонья (Швейцария) 36:04.9 (13)
 
2. Маркус Хельнер (Швеция) +0.4
 
3. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) +1.4
 
16. Алексей Полторанин (Қазақстан) +36.1
 
32. Евгений Величко (Қазақстан) +2:50.2
 
49. Сергей Черепанов (Қазақстан) +5:24.3
 
56. Марк Старостин (Қазақстан) +7:21.2