UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Конор МакГрегормен болатын қарымта жекпе-жектің қажеті жоқ екенін айтты , - деп хабарлайды Prosports.kz.

«МакГрегормен реванш? Неге?! Ол қарымта жекпе-жек өткізуге лайық емес. Он көп сойлеген, алайда октогонда ештеңе дей алмады.

Кіммен, қашан жұдырықтасатыным туралы айта алмаймын. Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шешімін күтіп жүрміз», — дейді Хабиб TMZ Sports порталына берген сұқбатында.