Қазақстан Дэвис кубогының Әлемдік кезеңінде Португалиямен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

BNP Paribas Дэвис кубогының матчы 1-2 ақпан күндері Астана қаласындағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында болады. Кездесу жеңімпазына турнирдің 18-24 қараша күндері Мадридте өтетін финалдық кезеңіне жолдама беріледі. Ойындар 1 ақпан күні 14:00-де, 2 ақпан күні 12:00-де басталады.

Еске сала кетейік, біздің теннисшілер бұған дейін де халықаралық ірі теннис турнирлерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ал Дэвис кубогының Әлемдік кезеңінің ширек финалында бес рет өнер көрсеткен.