Өскеменде өтіп жатқан биатлоннан ересектер арасындағы Қазақстан кубогі мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында жекелей сын бәсекелері аяқталды, деп жазады ҰОҚ ресми сайты.

Жүлдеге іліккен алты спортшының үшеуі – Шығыс Қазақстан облысының өкілдері.

Ерлер арасында семейлік Сұлтан Хаметов жеңіске жетті. Күміс жүлдені Владислав Миропольский иеленсе, қола медаль Диас Кенешовтің еншісінде.

Ел чемпионатында бақ сынаған жасөспірімдер 15 шақырымдық жарыс жеңімпаздарын анықтады.

Алтын жүлдені Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Дастан Делдеш иеленді. Күмісті Эдуард Афонин, қоланы Бекетай Тұрлыбеков жеңіп алды.