Шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар құрамасы 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының 1 дивизионында кезекті рет жеңіске жетті.

Бұл жолы біздің команда 3:1 есебімен қытайлық Тайпейден басым түсті. Қазақстан сапынан Томирис Оспанова, Александра Голотвина және Аружан Кеңесовалар мергендігімен танылды.

Топтық кезеңде Түркия мен Австралияны жеңген қазақстандықтар финалда Корея командасымен кездеседі.

Ақтық кездесуд 19 қаңтар күні Астана уақытымен 01:00-де басталмақ.