Азия чемпионаты топтық кезеңінің үшінші турында Қырғызстан құрамасы Филиппин футболшыларын жеңді, деп жазады prosports.kz.

Осының алдында Қытай мен Оңтүстік Кореядан жеңілген қызғыздар соңғы шешуші ойында жеңіске жетіп, топта үшінші орын алды. Енді оларда Азия біріншілігінің плей-офф кезеңінде бақ сынауға мүмкіндгі бар.

Ол үшін өзге топтарда үшінші орын алған құрамалармен нәтижесі салыстырылады.

Азия кубогы. Топтық кезең

С тобы. 3-ші тур

Оңтүстік Корея — Қытай — 2:0 (1:0)

Гол соққандар: Хван Ийджо 14 (пенальти – 1:0), Ким Мин Джэ 51 (2:0)

Қырғызстан — Филиппин — 3:1 (1:0)

Гол соққандар: Люкс 24 (1:0), Люкс 51 (2:0), Люкс 77 (3:0), Шрок 80 (3:1)