11. Ладислав «Guardian» Ковач үздік жиырма ойыншы тізімінде 11-орынға табан тіреген 27 жасар словакиялық ойыншы 2018 жыл көлемінде өзінің үздік ойындарын өткізді десек қателеспеспіз. Аталған жыл словак үшін Сидней қаласында өткен Inter Extreme Masters XIII – Sydney турниріндегі жеңісімен басталып, ESL One Belo Horizonte 2018 және EPICENTER 2018 чемпионаттарындағы бас жүлдемен толыға түсті. Одан кейін турнирлер Ковач және оның командаластары үшін аса сәтті бола қоймаса да, Сиднейде өткен IEM Sydney біріншілігінің MVP, яғни турнирдің үздік ойыншысы атағын жеңіп алды.

Ладислав «Guardian» Ковач