Футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кездесуінде Италия құрамасы Ресейден басым түсті.  

Матчтағы барлық голдар бірінші таймда соғылды. Алдымен, жетінші минутта «Скуадра Адзура» ойыншысы Габриэл Лима таблодағы есепті ашты. Дегенмен, үш минуттан кейін Эдер Лима есепті теңестірді. Алайда, Мурило он төртінші минутта жойқын соққымен Италияны алға шығарды. Кейін, Эдер Лима жалпы есепті қорытындылады – 3:1.

Осылайша Италия құрамасы футзалдан Еуропаның екі дүркін чемпионы атанса, Ресей екінші рет қатарынан күміс медальға ие болды.

Италия – Ресей 3:1 (3:1)

ГолдарГабриэл Лима (7), Мурило (14), Джассон (19) – Эдер Лима (10)

Қолы медальге өткен ойында Испания құрамасы Португалияны 8:4 есебімен жеңіп үшінші орынды қанағат тұтты.