KPMG Football Benchmark порталы ең қымбат ойыншылардың бағасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда ең қымбат ойыншы 26 жастағы Неймардың бағасы 229 миллион еуроны құрайды. Екінші орынға оның командалас әріптесі Килиан Мбаппе 215 миллион еуромен жайғасса, үшінші орынды «Барселона» форварды Лионель Месси 203 миллион еуромен тәмәмдап отыр.

Топ-10 тізімінде «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға орын табылмады. португалиялық футболшы 107 миллионмен 12-ші орынды қанағат тұтты.

Толық тізім:

4. Мохамед Салах («Ливерпуль») – 168 млн еуро5. Гарри Кейн («Тоттенхэм») – 151 млн еуро6. Эден Азар («Челси») – 148 млн еуро7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») – 129 млн еуро8. Антуан Гризманн («Атлетико») – 126 млн еуро9. Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 119 млн еуро10. Филиппе Коутиньо («Барселона») – 118 млн еуро12. Криштиану Роналду («Ювентус») – 107 млн еуро.