Панама құрамасының қорғаушысы Родерик Миллер көкшетаулық «Оқжетпес» сапында қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қаралымнан өтуде.

«Өте жоғары класты ойыншы. Қазақстандық клуб деңгейін көтереді деген ойдамын», - деді футболшының өкілі Сослан Касабиев.

26 жастағы Миллер Мексика және Колумбия чемпонатындарында өнер көрсеткен.

Родерик Панама құрамасы сапында 27 матч өткізіп, 1 гол соққан.