Теннисші Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатының алғашқы айналымында сербиялық Александра Круничпен кездесті.

Крунич әлемнің 61-ракеткасы болғанымен, Зарина бұған дейінгі өзара екі кездесуде жеңіске жеткен. Кеше 2 сағатқа созылған бәсекеде отандасымыз 3:6, 7:5, 1:6 есебімен жол берді.