Сырта алаңда Mexico Guerreros клубымен матч өткізген Astana Arlans командасы айқын жеңіске жетті.

Шаршы алңға бірінші болып шыққан Мирас Жақыпов (52 келі) мен Самат Башенов (60 келі) қарсыластарына ұтылып қалған. 69 келі салмақта Мартин Кабрермен жұдырықтасқан жерлесіміз Манат Омірзақ жеңіске жетіп қарымта қайтарды. Артынша, легионеріміз Хрвое Сеп (81 келі) кездесуін айқын ұтып есепті теңестірді - 2:2. Шешуші жекпе-жекте Филип Хргович (+91 келі) қарсылы Ренат Рахимовты айқын жеңіп командасына жеңіс сыйлады.